Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін дәрі Қазақстанда сатылмайды - Денсаулық сақтау министрлігі
Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген дәрі Қазақстанда тіркелмеген және еліміздің аумағында сатылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес үнділік "Док-1 Макс" препаратын Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясы өндіреді. Елімізде оның тіркелген мерзімі 2018 жылы өтіп кеткен.
"Қазіргі кезде елімізде тіркелмеген. Оның құрамында 500 мг парацетамол, 200 мг гвайфенезин және 10 мг фенилэфрин гидрохлориді бар", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше парацетамолдың салдарынан препарат бүйрек функциясының бұзылуы түрінде жанама әсер береді. Сондықтан бұл дәріні нұсқауда көрсеткен дозада ғана пайдалану керек.
Айта кетейік, Өзбекстанның Самарқан облысында ЖРВИ-ге қарсы үндістандық "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 15 бала көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"