Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда ЖРВИ-ге қарсы дәрі ішкен 15 бала көз жұмды

Өзбекстанның Самарқан облысында ЖРВИ-ге қарсы үндістандық "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 15 бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрі-дәрмек

М.Азизов атындағы Самарқан облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығының директоры облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давронбек Жуманиезовке жазған хатында соңғы айда респираторлық вирустық инфекцияның көптеп тарағанын мәлімдеген. Сондықтан дәрігерлер де ем ретінде "Док-1 Макс" дәрісін жиі тағайындаған. 

"Дәрінің қабылдаған соң кері әсері жайлы арыз көп түсті. Балаларда бүйректің зақымдалуы пайда болады", – делінген хатта. 

Дәрігерлердің сөзінше, соңғы 2 айда 21 науқас келіп түскен. Олардың көпшілігінде зәрдің қуыққа түспеуі – анурия байқалған екен. 

"17 балада ауру ауыр өтті, бірнеше рет гемодиализ жүргізуге тура келді. 15 өлім тіркелді", – делінген хатта. 

Хаттың рас екенін Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі растады. 22 желтоқсанда тергеу жүргізу үшін арнайы топ құрылды. Үндістандық Marion Biotech компаниясы өндірген лимон және бал дәмі бар "Док-1 Макс" шәрбаты мен таблеткасына сараптама тағайындалды. Препаратты сату Өзбекстан аумағында тоқтатылды. 

Талқылау