Өзбекстанда 12 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық кісі өлтіруші ұсталды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында екі кісі өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанда іздеуде жүрген ер адам Өзбекстаннан ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ulp.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыскерді ұстау бойынша бірлескен операцияны екі елдің құқық қорғау органдары Наманган облысының Үшқорған ауданында жүргізді.
"Бұл қайғылы оқиға екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ұзақ тергеу мен ынтымақтастығының басты тақырыбына айналды және ақыры сәтті нәтижеге әкелді", - деп жазды басылым.
Қылмыскер 12 жыл бойы жасырынып жүрген. Ұсталған азамат істі одан әрі қарап, сот шешімін шығару үшін құзырлы органдарға тапсырылады.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде