Өзбекстан Луганск пен Донецкті бөлек республика деп танудан ашық түрде бас тартты
Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Олий мажлисі сенатының XXIV жалпы отырысында баяндама жасап, Украинадағы жағдайға қатысты Өзбекстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Uznews Өзбекстанға сілтеме жасап.

“Украина төңірегіндегі жағдай Өзбекстанды қатты алаңдатып отыр. Өзбекстан шиеленісті бейбіт және дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылады. Ол үшін ең алдымен жауластық пен зорлық-зомбылық дереу тоқтатылуы керек",- деді Абдулазиз Камилов.
Ол Өзбекстанның Ресей Федерациясымен де, Украинамен де тарихи көп қырлы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.
"Өзбекстан ұлттық мүдделерге сүйене отырып, екі елмен де өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырады. Біз осы қиын кезеңде Украинаға гуманитарлық көмек көрсететін боламыз", - деп қосты Сыртқы істер министрі.
Абдулазиз Камилов Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"