Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз-өзіне үйленген модель ажырасуға бел буды 

Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұратын модель өзіне өзі үйленіп, енді ажырасуға бел буды. Ол ер адамға ғашық болып, махаббатқа сенгендіктен, осындай қадамға барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында 33 жастағы Крис Галера жалғыз болған өзіне ұнайтынын, жанында серігі болмағанға еш өкінбейтінін мәлімдеді. Осы сөзінің дәлелі ретінде модель өз-өзіне тұрмысқа шықты. 

Алайда оның "некесі" ұзаққа созылмады. Тойдан кейін үш ай өткен соң, Галера ажырасуға бел буды. Ол ер адамды кездестіріп, оған ғашық болғанын мойындады. 



Айтуына қарағанда, өзіне үйленгеннің арқасында ол "сол бір жанды" кездестірген. Жалғыз жүрген уақытта ол сыртқы жағдайларға қарамастан, бақытты бола алатынын, өз өмірін құра алатынын түсінген. 

Айта кетейік, Аустралияда 29 жастағы Патрисия Кристин әйелдер 30 жасқа дейін тұрмысқа шығуы керек деген стереотипті бұзу үшін өзіне өзі үйленген еді. 

Талқылау