"Өз ісіңізбен айналысыңыз": Димаштың әкесі ұлын сынаған Нұртас Адамбайға жауап берді
Димаш Құдайбергеннің ресейлік сазгер Игорь Крутоймен серіктестігіне қатысты пікір білдіріп, сын айтқан отандық режиссер Нұртас Адамбайға әншінің әкесі Қанат Айтбаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұртас Адамбай әнші Димаш Құдайбергеннің уақытын босқа шығындап жатқанын айтып, Игорь Крутоймен серіктестігін сынға алған еді. Ол бұл серіктестіктен Димаштан гөрі, ресейлік сазгердің көбірек ұтатынын атап өтті. Сонымен қатар әншіге бар назарын штатқа қарай бағыттауға кеңес берді.
Қазақстандық режиссердің аталған жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді. Тіпті, бүгінде әлемге танылып үлгерген әншінің әкесі Қанат Айтбаев та жазбаға назар аударған. Алайда ол Адамбайға қысқа ғана жауап қайырды.
«Негізі біз сізден ақыл-кеңес сұрамадық. Өз ісіңізбен айналысыңыз. Біздің өз жоспарымыз бар. Рахмет», - деп жазды Қанат Айтбаев пікірде.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?