Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде суррогат ана болған қазақстандық әйел түрме жазасына кесілді

Красноярск соты жаңа туған нәрестені сатқаны үшін кінәлі деп танылған шетелдік әйелге үкім шығарды, деп жазады "Коммерсантъ". "Росбалт" басылымының мәліметінше, 29 жастағы сотталушы – Қазақстан азаматы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ана мен бала 2022

Іс материалдарына сәйкес, әйел жергілікті фирмамен келісім бойынша суррогат ана қызметін атқарған. Қазақстандық әйел Красноярск перзентханасында босанып, содан кейін компания басшылығына "мүддесін білдіру үшін", оның ішінде балаға билік ету құқығына сенімхатты нотариалды куәландырған.

Әйел компания өкілдеріне қажетті құжаттарды тапсырып, өзі Ресейден кетіп қалған. Оның қызметі үшін оған 13 мың доллар төлейді. Компания тапсырыс берушіге тапсыру үшін баланы ауруханадан алып кеткен.



Краснодар өлкесінде орналасқан аталған ұйым 2020 жылы әшкере болған. Оны бұрынғы полицей мен оның әйелі басқарған. Айыптаушы тараптың айтуынша, фирма іздестірген суррогат аналар шетел азаматтары үшін бала тауып берген.

Сот үкімімен әйел үш жыл түзеу колониясында жазасын өтейді.

Талқылау