Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда анасы 7 миллион теңгеге сатпақ болған нәресте балалар үйіне жіберіледі

Өз анасы екі апта бұрын сатпақ болған бір жасар баланы балалар үйіне жібереді. Заңсыз бала сату оқиғасы Түркістанда болған.

Екі аптаға жуық нәресте ауруханада жатты. Сәби пневмониямен ауруханаға түскен. Бірақ туыстарының ешқайсысы келмегендіктен, оны бүгін қалалық білім бөлімінің өкілдері алып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Дәрігерлердің айтуынша, бала толығымен сауығып, қазір өзін жақсы сезінуде.

"Баланы балалар үйіне орналастыру үшін арнайы қаулы қабылдануы керек. Баланың туыстары келген жоқ. Ешкім іздеген жоқ. Сондықтан нәрестені балалар үйіне өткіземіз", – дейді қалалық адам дамуы бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.

Естеріңізге сала кетейік, өрескел жағдай 1 маусымда белгілі болды. Содан кейін мән-жайы жария болды.

Полицияның мәліметінше, Түркістан қаласының тұрғыны ұлын жеті миллион теңгеге сатпақ болған. Ол өзінің әрекетін нотариуспен рәсімдеуге тырысты, бірақ адвокат мәмілеге келмеді және құқық қорғау органдарына әйелдің қылмысы туралы хабарлады. Әйел "мәміле" кезінде ол ұсталды.

Ұсталған әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бапта мүлкін тәркілеумен тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полицияның мәліметінше, күдікті нәрестеге уақыт бөлмеген. Баланы дәрігерлер тексеріп пневмония диагнозын қойған.

Талқылау