Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жасар» қандай сөздермен тіркеседі?

Қазіргі таңда БАҚ беттерінде болсын, әлеуметтік желілерде болсын «отыз бес жасар әйел, қырық жасар ер азамат» деген сияқты тіркестер көптеп кездеседі. Осы арадағы «жасар» сөзі барлық сөзбен бірдей тіркесе ала ма? Неліктен қате болып саналады?

Қазақ арасында «жасар» деген сөзді балаға қатысты қолданады. Мысалы, бес жасар бала, төрт жасар інім т.б.
Егер ересек адамның жасы туралы сөз болса, «жастағы, жасқа келген» деген сөздерді қолданған жөн. Мысалы, елу жастағы әйел, алпыс жасқа келген азамат т.б.

Сонымен қатар, «Толған», «келген», «алқымдаған», «келіп қалған», «жасаған» деген сөздер де әр түрлі жасқа қарай таңдап айтылады. Мысалы, «алпысты алқымдаған, қырыққа келіп қалған, елуге келген, тоқсан жас жасаған» т.б.
Қазақ тілінің байлығы ұшан-теңіз. Қазынамызда бар сөздік қорымызды пайдалана алмай жүрген өзіміз. 

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 15:33
Талқылау