Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінді
Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген ақпарат пайда болды.
Алдын ала дерек бойынша, оқиға көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері шағым бойынша пәтерді тексеру үшін барып, сол пәтерде жәбірленушіні зорлаған.
Ақпаратты қалалық прокуратураның баспасөз қызметі растады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ ол ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылған.
Еске салсақ, бұған дейін TikTok-тағы видео полиция қызметкерінің сотталуына себеп болғаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
