ҚМДБ құрбан шалуға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайтты іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын тұрғындарға қолайлы болуы үшін биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта жүргізіледі. Бұл үшін арнайы сайт іске қосылған.
“Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз”, – делінген басқарма хабарламасында.

Діни басқарма онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажет қаражатты аудара алатынын атап өтті.
“Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және видео есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылы қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін 27 мамыр күні атап өтеді.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан