Атырауда ер адам көшеде тұрған қыздардың денесіне қол жүгіртіп, тиіскен (видео)
Атырауда қоғамдық орында қыздардың денесіне қол жүгіртіп, тиіскен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 11 мамыр күні кешке Азаттық даңғылында болған.
"Қыздардың айтуынша, олар жұмыстан кейін жол шетінде сөйлесіп тұрған кезде қастарына белгісіз ер адам келіп, олардың біреуінің бөксесінен шапалақпен ұрған", – делінген видеоның жазбасында.

Ер адам жәбірленішуілердің ескертулері мен кету туралы талаптарын елемей, қыздарды оны өздері "арандатты" деп айыптаған. Видеодан зардап шеккен қыздардың бірі ер адамның "жүкті әйелдің денесіне қол жүгірткенін" айтқанын естуге болады.
Өңірлік полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады. Күдіктінің 36 жаста екені белгілі болды.
"Ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оған қатысты жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін танымал жайдарманшы пойызда мас күйде әйелге тиіскені үшін айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан