Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өтірік көлгірсіп, жылап сықтама": Қамаудағы ұлына жазба арнаған Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары ұрсып тастады

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа арнап анасы желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Гүлзира Айдарбекова ұлына арнап, жеке парақшасында кезекті жазбасын жариялады. 

“Алла амандық берсін! 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруін жазсын! Бүгініңді өткеннің уытымен, келешектің елесімен улама. Бүкіл әлем таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесулер мен қоштасулар – сенің жүрегіңде! Жығылған мен сүрінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, продюсер Қайрат Нұртас қамауға тоғытылғалы бері тыңдарманға түрлі жазба арнап жатыр. Алайда продюсердің оқырмандары әншінің анасына ұрсып, сабырлы болуға шақырды. 

“Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Гүлзира ханым, әр үйдің өз құпиясы болуы керек қой. Бір 5 жылға кеткендей, неге байбалам салып, ана жүрегіңізбен дұғада болғанның орнына ел жұртқа жариялап отырсыз? Ол сіздің үйдің проблемасы, ел не үшін күйінуі керек? Елдің проблемасын естісеңіз, жаныңыз түршігеді. Сынақ кімге келмей жатыр?! Қаңтардағы боздақтардың жаны не жан?! Ел үшін, жер үшін жан беріп, жан алысты. Қаншасы өлді, қаншасы мүгедек болды, қаншасы түрмеде жазықсыз. Сіздердікі боққа тұрғысыз қолдан жасалған проблема. Өтірік көлгірсіп, жылап сықтамай, тілеуін тілеп жайыңызға отыра беріңізші”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, 15 күнге қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады. 

Талқылау