"Өтініш түскен жоқ": Министр Қазақстан бензинін Ресейге жеткізу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанға Ресей тарапынан жанармай жеткізу мәселесіне қатысты ресми өтініш түспегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Ресейден ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан оны белгіленген тәртіппен қарайтынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресеймен 50 000 тонна АИ-92 бензинін экспорттау туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылған еді. Себебі Украинаның Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуылынан кейін онда мұнай дағдарысы туындаған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, маусым айының соңына қарай Ресейде бензин өндірісі жылдық есеппен 25% төмендеді. Сонымен қатар Қазақстанда отын өндірісі Ресеймен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан Ресейге жеткізілім айтарлықтай көлемге жетуі екіталай.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Ұрықтандыруды тоқтататын ота жасауға бел буған қазақстандық жұп дәрігердің сексистік көзқарасына тап болды
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған
Оқыңыз