Қатты ыстық болады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 15-17 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстандағы алдағы күндері өте қатты ыстық болады деп болжанған.
Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа-райы тұрақсыз болады, бұл фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп болжанған, қатты жаңбыр 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста болжанады.
"40 ℃-қа дейін бармайды": Қазгидромет өкілі жазда ауа райы қандай болатынын айтты
Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33+42°С, оңтүстігінде де қатты ыстық +35+42°С, оңтүстік-шығысында қатты ыстық +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды.
Еске салсақ, бұған дейін маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.