Ата-анасы зорлық көрген 5 жасар қызын жауыздықпен өлтірген
Сирияда 5 жастағы қызды белгісіз ер адам ұрлап әкетіп, зорлаған. Содан соң ата-анасы жағдай отбасының “ар-намысына” тиеді деп бүлдіршінді жауыздықпен өлтірген. Қыздың денесі 27 қаңтарда Манбидж қаласында қоқыс контейнерінде табылып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Қыздың отбасы мүшелерінің кейбірі ұсталған, алайда олар кінәсін мойындамай отыр.
5 жастағы қызды мотициклмен өтіп бара жатқан ер адам ұрлап әкеткен. Бүлдіршін далаға әкесімен кездесуге шыққан. Қыздың нақты қай уақытта өлгені белгісіз.
Адам құқықтары жөніндегі обсерватория елде болып жатқан көптеген ар үшін жасалған өлімге кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді.
Былтыр да осыған ұқсас жағдай болған. Жас қызды тастанды үйде рулас жігітке тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін өлтірген. Қыз өз сүйіктісіне қосылғысы келген.
- Үш жасөспірім өгей әкелерін қарындасына тиіскені үшін өлтірген: 200 мың адам оларды босатуды сұрап, петиция жариялады
- Ауғандықтар елдегі ашаршылыққа байланысты бүйректері мен балаларын сатып жатыр
Интернетте тараған видеода Сирияның солтүстік-шығысындағы Аль-Хасака қаласының шетіндегі қараусыз қалған ауылда 18 жастағы Эйд Аль-Хамади Аль-Саидо атты қызды ауылда атып тастағаны көрінеді. Оны тіпті әкесі мен ағасы, сондай-ақ басқа ер адамдар айдаладағы үйге мәжбүрлеп алып келген. Қызды өлтірмес бұрын олар бірнеше күн бойы оны ұрып-соғып, аш қалдырады.
"Бірнеше адам оны автомат және тапаншамен атып өлтірді", — дейді құқық бұзушылықтар орталығының өкілі.
Оның отбасы қызды оқпен өлтіргенін көрсететін қорқынышты видеоны жариялап, онымен мақтанған көрінеді.
Қыздың сүйіктісі бұл әулеттің қолына түсіп қалмау үшін қашып құтылған.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай, 16 жастағы қызды туысы зорлағаннан кейін оны әкесі "намысқа тиеді" деп тұншықтырып өлтірген.
Мұндай “ар үшін жасалған” қылмыстар саны артқан соң Хасаке қаласындағы көптеген әйел дәстүр мен дін мүддесі үшін жасалатын қылмысқа наразылық білдіру мақсатында көшеге шыққан.