Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасымызды құртып алған жайымыз бар": Досхан Жолжақсынов қазіргі проблема туралы айтты

Танымал актер Досхан Жолжақсынов қазіргі проблема туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Отбасымызды құртып алған жайымыз бар

Танымал актер Досхан Жолжақсынов әр адам өзінің қолынан келетін нәрсені жасау керек деген ұстанымда. Не болса, соған жүгіріп, әлін білмей әлек болу арқылы біз қоғамда үлкен проблема тудырып отырмыз дейді актер. Осылайша ол өзінің биліктің жұмысына араласқысы келмейтінін жеткізген. Өзіміздің ісімізді жасамағандықтан, біз өзімізді де отбасымызды да құртып алдық дейді ол. 

"Мен билікті ойласам, баяғыда-ақ соған атсалысатын едім. Мен де біреуге бірнәрсе беретін бе едім. Құдай сақтасын. Әркім өзінің қолынан келетін шарумен айналысқаны дұрыс. Біз бүгін далбасалап, қолымыздан келмейтін шаруамызға құрық сілтеп, отбасымызды да, өзімізді де құртып алдық", - дейді Досхан Жолжақсынов. 

Осылайша актер ағынан жарылып, өз саласының дамуына атсалысатынын жеткізген. Әркім өз ісімен айналысуы керек деген ойды алға тартты ол. 

"Өзгертетін шаруалар көп қой. Мен түгіл мемлекеттің қолынан келмей жатқан шаруа. Сондықтан мұны, бір ауыз сөзбен мен барсам, коммунизм орнатамын деп айту қиын. Бірақ, өз саламда қолымнан келген дүниені айтып қалуға, көрсетіп қалуға тырысып жатырмын", - дейді Досқан Жолжақсынов.

Талқылау