Отандық әнші Қайрат Түнтеков әке атанды
Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков әке атанды. Бұл туралы оның досы әрі әріптесі Бағлан Жолдасов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 қазанға қараған түні менің досым, нағыз талан иесі Қайрат Түнтеков әке атанды. Ол қызды болды. Денсаулығы мықты, білімді, тәрбиелі болып өссін", - деді Жолдасов Instagram парақшасында.
Қайрат Түнтеков 1986 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Ол Шымкент қаласының тумасы. 2004-2005 жылдары SuperStar KZ музыкалық жобасына қатысып, екінші маусымында жеңімпаз атанғанған кейін танымал болды.
- Қазақстанда маған қолдау болмады, шетелге кетем: Қайрат Түнтеков не себепті сахнада көрінбей кеткенін айтты
- Әселмен 4 жыл бұрын бірге тұрған, Жұлдызбен 5 жылдығын тойлап жатыр: Желі қолданушылары Айқынды айыптады
2013 жылы әнші 40 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ол көлік жүргізу куәлігінсіз және сенімхатсыз көлік тізгіндегені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарланған еді.
Осы жағдайдан кейін ол ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпай кеткен. Қазіргі уақытта әнші Qazaqstan телеарнасындағы "Егіз лебіз" жобасына қатысып, өзінің музыкалық мансабын жалғастыруда.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген