Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда маған қолдау болмады, шетелге кетем: Қайрат Түнтеков не себепті сахнада көрінбей кеткенін айтты

Әнші, SuperStar KZ жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтеков шетелге шығып өзін танытқысы келіп жүр. Себебі Қазақстанда оған қолдау жоқ. Сол себепті шетел арқылы өзін тағы бір танытқысы келеді. 

Бұл туралы Опмай-опмай бағдарламасы хабарлайды.

"Менің сахнаға шықпай кетуімнің өзіндік себептері бар. Мені халық жақсы көреді. Мені іздейді. Оны білемін. Парақшама хат жазып, сұрап тұрады. Мені халық қана қолдайды. Басқа еш жерден қолдау көрмеймін. Сол себепті шығармашылығым тоқтап тұр десем болады. Халыққа уәде бермей-ақ қояйын, бірақ шетелде өнер көрсетіп, өзімді танытып, тағы бір жарып шығамын", - деп өз жоспарын бөлісті әнші.

Әріптесі Айжан Нұрмағамбетова Қайраттың нағыз талант екенін, оған қолдау аз болып жүргенін айтып өтті.

"Шымкентте Қайратқа демеуші болатын, қолдап жіберетін бір кәсіпкер табылмады ма? Неге Қайрат тасада қалды? Ол нағыз дарынды әнші. Өзіндік ерекше даусы бар. Шетелде өнер көрсетсе, Димаштан кем түспес еді. Қайраттың мінезі маған ұқсайды. Мен де ешқашан өзім хабарласып өзімді ұсынған адам емеспін. Қайрат та сондай. Мені шақырыңдар деп, әлдекімнің есігін қағып, көмек сұрамайды. Тойға шығып, ақшасын тауып жүре береді. Тойда алатын ақшасы аз емес. Тыңдармандары бар", - деді Нұрмағамбетова. 

SuperStar KZ жобасынан алғаш көргенде Қайраттың нағыз әнші екеніне көзім жеткен дейді әріптесі. Оның сахнаның адамы екенін айтады. 

"Ол ән жазып жатыр, жай жүрген жоқ, жоспарлары бар, тойлардан көріп қаламын. Тек концерттерде жоқ", - деді Нұрмағамбетова. 

Талқылау