"От пен су қосыла ма?!": Белгілі ұстаз Мейрамбек Беспаевтың экс-министрмен бірігіп ашқан радиосын сынады
Білім саласының маманы, қоғамдағы келеңсіз оқиғаларға өткір пікір білдіріп жүрген Аятжан Ахметжан Мейрамбек Беспаевтың экс-министр Эльмира Суханбердиевамен бірлесіп радио ашқанын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аятжан Ахметжан әлеуметтік желідегі парақшасына пост жариялап, экс-министрді “жемқор” деп айыптады.
“Мына кісі қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірімен бірігіп радио ашқан ба?!
Мейрамбек пен Суханбердиева екеуінің бірге жұмыс істеуін көзіме еш елестете алмайды екем… Біреуі – ең сүйікті, құрметтейтін әншім… Біреуі – білім саласының түбіне жеткен, Астананың білім басқармасын, Білім және ғылым министрлігін былықтырған, жемқорлық бабымен істі болып, толық мойындап, ақша төлеп босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр… От пен су қосыла ма, ағайын? Мұндайдан сапалы дүние шыға ма?!” – деп күйінді.
Сондай-ақ Аятжан Ахметжан жазба астындағы пікірдің бірін де жауапсыз қалдырмады.
“Ерлан Сағадиев министр болып тұрған кезде қоластынан 10 адам сотталып кеткен, сол кезде Суханбердиева судан құрғап шықты”, – деп жазды Аятжан.
Желі қолданушылары “Мейрамбек таза жарнама үшін керек. Бұл – ұйымдастырушы, ақша сонікі. Әншілерде қашан принцип болып еді”, – деп жарыса жазып жатыр.
Редакция ұжымы істің ақ-қарасын ажырату үшін Мейрамбек Беспаев пен радио директоры Айман Нұразханға қанша рет хабарласса да, тұтқаны көтермеді.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады