Өскемендіктер референдумда белсенді дауыс беріп жатыр
Өскемендіктер белсенді дауыс беріп жатыр. Шаһар тұрғындары республикалық референдумға ерекше ықыласпен қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин таңғы жетіден бастап шаһар тұрғындары республикалық референдумға ерекше ықыласпен қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр дейді.
"Әсіресе егде тартқан қариялар референдум учаскесі таңғы сағат 7:00 де ашылғалы бері көптеп келуде. Қазіргі сәтте дауыс берушілердің белсенділігі арта түсті. ШҚО Өскемен қаласының №17 учаскесінде барлығы заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Референдумда дауыс берушілер санаулы минуттар ішінде өздерін тізімнен тауып, өз таңдауларын жасауда", - дейді Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі