Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі автоЦОН-ның жаңа ғимараты жалдау ақысының жоғары болуынан бос тұр

Өскеменде жаңа автосервис орталығының құрылысы даудың астында қалды. Құрылысына 10 жыл кеткен ғимаратқа жергілікті қазынаның ақшасы жетпейтін болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Шенеуніктер инвестордан жалдау ақысын төмендетуді сұрап отыр. Кәсіпкерлер заманауи технологияларды пайдалана отырып салғандықтан, жобаның құны қымбат екенін айтады.

Мұнда бәрі санитарлық және өртке қарсы нормаларға сай. Менің білуімше, қазір олар орналасқан ғимарат талапқа сай емес. Мұнда ғимарат толығымен жобаға сай салынып, барлық жиһаз, тұрмыстық техника, кондиционерлер сатып алынды, барлығы жұмысқа толығымен дайын болды. Енді міне екі ай бос жүрміз”, – деді инвестор өкілі Александра Исмаилова.

Автосервис орталығының құрылысына миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Ұзақ мерзімді құрылысты қолға алған инвестор ақшаны жалға беру арқылы қайтаруды жоспарлаған. Бірақ екі айдан бері қала басшылығы мен кәсіпкерлер бағаға келісе алмай отыр. Нәтижесінде құрылыс салушылар коммуналдық қызметтерді өздері төлеп отыр. Осылайша 4 миллион теңге шығын келген.

Өскемендегі автосервис орталығы қазір ангарға ұқсайтын ғимаратта орналасқан. Жүргізу сынақтарын әлі де автоматтандырылған жүйелер емес, инспекторлар басқарады. Еліміздің басқа аймақтарында мұндай емес. Шенеуніктер жаңа ғимаратқа енді көшеміз деп отыр. 

“Қазір инвестор ұсынған сома біз ғимаратты жалға алып жатқан сомадан асып түседі. Сондықтан қазір бұл мәселені шешу үшін қосымша мүмкіндіктер іздестіріліп жатыр. Содан кейін заңнама аясында мемлекеттік сатып алулар тағайындалады”, – деді "Азаматтарға арналған үкімет" МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Талқылау