Өскеменде жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан бір адам мерт болып, жасөспірім жарақат алды
Өскемендегі жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 42 жастағы ер адам көз жұмды. Тағы 12 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жанар-жағармай құйылған резервуарды тазартып жатқан. Ал жасөспірім жанында болып, көмектесіп жүрген. Куәгердің сөзінше, жарылыстың дауысы естілген. Ар ер адам жарылыс толқынынан резервуарға құлап кеткен. Кейін оның денесі шығарылды. Ал жасөспірімн термиялық күйік алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
"Өкінішке орай жұмыс кезінде көмектесіп жүрген 2010 жылы туған жасөспірім жарақат алды. Қазір жарылыс себебі анықталып жатыр", – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады