Өскеменде ер адам подъезде оқушы қызға шабуыл жасаған
Өскеменде ер адамның қызға жасаған шабуылы видеоға түсіп қалған. Кадрлардан күдіктінің қыздың соңынан еріп, подъезге кіргенін көруге болады. Кейін қызға тап берген, алайда оқушы көмекке шақырып үлгеріпті. Көп ұзамай полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Бастапқыда ер адам телефонмен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытқан. Қызбен бірге подъезге кіріп, кейін жасөспірімге шабуыл жасаған. Бақытына орай, шабуыл жасаған ер адам көршілерден қорқып қашып кеткен. Қыздың сөзінше, ер адам тап беріп, қолымен аузын басуға тырысқан.
"Аталған дерек бойынша тексеріс жүріп, ер адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол – 37 жастағы қала тұрғыны, тергеу амалдарын жүргізу үшін Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”