AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бес жасар қыз автобустың астына құлап мерт болды: Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты

Өскеменде бес жасар қыз автобустың астына құлап кетіп мерт болды. Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Респонденттердің айтуынша, жүргізуші барлық жолаушылардың шығып, есіктерді жапқанына көз жеткізбеген. Қыздың құлауына осы жағдай себеп болған. Автобус оның басынан жүріп өткен. Қыз сол жерде тіл тартпай кетті.

Қайғылы оқиғаның басқа куәгерлері бала әжесімен бірге болғанын айтады.

“Аялдамадан айқайды естідім. Терезеден қарадым - әйел айқайлады, бала бордюрдің жанында жатыр, автобус апаттық белгіні қосып тұр. Мен секіріп шықтым, бала тірі, жедел жәрдем шақырамын деп ойладым, ал қараған кезде қорқынышты болды", - деді қала тұрғыны Александр Терсков.

Жүргізуші жұмыс істеген автотұрақ марқұмның туыстарына көңіл айтты. Олар мекеме жерлеуге кететін барлық шығынды өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

"Жүргізушінің айтуынша, әжесі мен баласы шықты, ол есікті жауып, жолаушылардың бәрі шыққанына көз жеткізді, содан кейін қозғалысын жалғастырды. Баланың автобус дөңгелектерінің астында қалай тап болғанын ешкім білмейді. Куәгерлер бар", - деді "РОСТ" автобус паркі директорының орынбасары Шыңғыс Әбенов.

Жүргізуші 59 жаста. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 21 сәуірде кешкі уақытта аялдамадан түспек болған 5 жасар қыз автобустың астына құлап, сол жерде қаза болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр