Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бес жасар қыз автобустың астына құлап кетіп мерт болды

Өскеменде бала аялдамада автобустың астында қалды. Қайғылы оқиға 21 сәуірде кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

"Бұл – менің көршілерім. Мен қыздың денесін жаптым, 3 минуттан кейін жүгіріп келді. Бұл – сұмдық. Бес жарым жаста еді. Әжесі оның қолынан ұстап тұрды, аяғы есіктерге қысылып қалған, жүргізуші газға басқанда басымен дөңгелек астына түсіп кетті. Мұны көрмегенім жақсы болар еді. Қорқынышты. Көңіл айтамын", – деді әлеуметтік желіде куәгердің бірі Иван Ф.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"59 жастағы "King long” маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі “Нефтебаза" автобус аялдамасында жолаушыларды қауіпсіз түрде түсірмей, қозғалысын жалғастырған. ЖКО салдарынан ауыр жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болған жас жолаушыны (2017 жылы туған қыз) қаққан", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. 

Талқылау