Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғын көршілер чатындағы аудиохабарламасы үшін 700 мың теңгеден астам айыппұл арқалады

Депутат ұстаздарды ата-аналар чатын жүргізу міндетінен босатуды ұсынды
Фото: Pixabay.com

Ақтөбе тұрғыны көршісін біреудің есігіне нәжіс жағып кетті дегені үшін қомақты айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер есіктеріне нәжіске ұқсас нәрсе жағылған. Полиция істі қозғағанымен, ешкімнің кім екенін анықтау мүмкін болмағандықтан, істі тоқтатты.

Дегенмен сол көпқабатты үйдің тұрғындары мұны ортақ чатта талқылаған. Тұрғындардың біріне қонақ келмек болып, бірақ қателесіп басқа пәтердің домофонына қоңырау шалған. Бұл түнгі уақытта болғандықтан, чатта осы мәселе қызу талқылана бастайды. Қонақты күтіп алған әйел кешірім сұрап, мәселе жабылғандай көрінген.

Алайда чаттағы көршілердің бірі кейіннен тағы пікір білдіреді. Сол кезде әйел топқа дауыстық хабарлама жіберіп, әлгі көршінің қызы "бәрінің есігін нәжіспен былғаған" деп айыптайды.

Көп ұзамай осы сөзі үшін оған сот алдында жауап беруге тура келген. Себебі көршінің қызы "ешқашан ешкімнің есігін ештеңемен былғамадым" деп мәлімдеген.

Ақтөбенің әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі мұқият тергеді. Көршілерден жауап алынып, сот-медициналық сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттар қаралды. Аудиохабарлама авторы өз пікірін білдіргенін мәлімдеді.

Дегенмен сот оның дәлелдерін негізсіз деп тауып, Ақтөбе тұрғынына ақырында 180 АЕК немесе 778 500 теңге айыппұл салынды.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 12:02