Өскеменде ауа райының жылынуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еріп кетті
Өскеменде ауа райының жылынуына байланысты қарлар еріп, қалада көлшіктер пайда болған. Тіпті мұз айдындары еріп пішінін жоғалтуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай 28 желтоқсан күні қала көшелеріндегі көлшіктерді коммуналдық қызметтер соруға шықты. Ал Республика алаңындағы сырғанақ бұрынғы пішінін жоғалтқан.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның шығысында күн жылы болады. 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа температурасы төмендеуі мүмкін.
Синоптиктер желтоқсан айындағы температура нормадан жоғары болатынын болжауда.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.