"Осында тұрғысы келген": Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандық түрмеге қамалды
Ресейдің Қорған облысындағы шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Қазақстанның екі азаматы бас бостандығынан айырылды. Сот оларға екі жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар өткізу пунктін айналып өтіп бара жатқан жерінен теміржол маңында шекарашылардың қолына түскен.
"Петухов аудандық соты Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының екі азаматына қатысты айыптау үкімін шығарды. Сотталушылар жалпы режимдегі түзеу колониясына 1,8 және 1,9 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген жергілікті қауіпсіздік қызмет өкілдерінің мәліметінде.
- 6 жыл бойы Қазақстан азаматтығын қоса алып жүрген ресейлік жауапкершілікке тартылды
- Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың құжаттарын тексеруге алып, несие рәсімдеген
Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, бір жыл бұрын екі қазақстандық Солтүстік қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында Ресей аумағында тұру үшін шекарадан өткен. Ведомство өкілдері олардың бірінің ұсталған сәтте қолындағы құжаты болмағанын жеткізді.
Қатерлі ісікке шалдыққа жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан: "Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдағанын, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамағанын жасырмады"
Қазақстанда жертөлелер мен паркингтер апат кезінде бункер болуға жарай ма – Ескі паналау орындары моншаға айналған
Алматыдағы Чайкина көшесі, 3а мекенжайындағы кең жертөле де тұрғындарға толық қолжетімді емес