AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың құжаттарын тексеруге алып, несие рәсімдеген

Екібастұзда жалған полицейлер жолда тұрғындарды тоқтатып, олардың құжаттарын тексерген сымақ болып, аттарынан несие рәсімдеген. Полиция алаяқтық жасаған үш күдіктіні ұстады.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілердің бірі – бұрын сотталған Павлодар тұрғыны.
Алаяқтар келесідей схема бойынша әрекет еткен: өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көшедегі адамдардың құжаттарын сұраған. Сол сәтте жеке куәліктерді суретке түсіріп алған. Артынша ақпараттық жүйелер арқылы банк қосымшаларында идентификациядан өтіп, азаматтардың атынан ақшалай және тауарлық несиелер рәсімдеген.

"Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодарда, Екібастұзда және Ақсуда сегіз фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған құжаттары тәркіленді", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Скляр. 



Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) және 390-баптың 2 тармағы (Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасқан өз бетiмен иемденіп алу) бойынша тергеу жүруде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр