"Осымен үшінші рет жолықтық": Майра Мұхамедқызы қытай төрағасының алдында ән шырқады
Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы ШЫҰ саммитіне қатысып, ел президенттерінің алдында ән салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/mairaopera/
Игі іс-шараға ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген де өнер көрсетті.
“Елордамызда өтіп жатқан ШЫҰ саммиті бүкіл әлем назарында. Мен үшін бұл іс-шарада өнер көрсету – Отан алдындағы үлкен борышым деп білем. Ел намысын қорғау — мақтаныш та, үлкен жауапкершілік те.
Кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында ән салдым. Си Цзиньпин мырзаның алдында ән айтуым осымен үшінші рет қайталанып тұр. Ән демекші, ән көп. Бірақ, жүрекке жететін ән таңдап әрі жеткізіп айту – ол бөлек! Кешегі мен орындаған ән, қытай ақыны Лу Ю мен Таң Ванның махаббат мұңы. Тарихы көне тілмен жазылған классикалық романс сол жерде отырған ешкімді бей-жәй қалдырмады. Екінші әнім де – қытайдың нағыз философияға толы, ғасыр махаббат дастаны. Қазақша айтқанда, өмір-өзенді сипаттайтын туынды. Ал кешкі 16 президент алдында салған ән-қытайдың 100 үздік әндерінің көш басы болған ұранды шығарма”, – деп ерекше әсерге бөленді әнші.
-
Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады
-
Қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді – Тоқаев
Айта кетейік, Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды.
Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ өзекті мәселелерді талқылайды. Саммитке қатысу үшін көптеген мемлекеттің президенттері мен халықаралық ұйым басшылары Астанаға келді.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
