Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осыдан кейін Умраға барған деп ойламайсың": Айжұлдыз Адайбекованың жаңа образы сынға қалды

Танымал актриса Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке жаңа образын таныстырды. Алайда оқырмандары актрисаның киімі мен қимылын ұнатпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса жеке парақшасына “Ойың таза болсын! Ең керемет өмірді жоспарла” деп жазып қойды. Одан кейін “Қауіпті әйел” деген атпен жаңа образын көрсетті. Алайда актрисаның киімі мен қимылы көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылардың дені актрисаның образын түсінбеді.

“Осыдан кейін Умраға барған деп қалай айтасың” деген оқырманына Айжұлдыздың жауабы дайын болды: “Өзім үшін бардым, Умраны бұл жерге араластырмайық” деп жауап берді. “Осы қыздың қимылы ерсі” деген оқырманына да “ұнамаса, қарамаңыз” деп сөз тапты. Актрисаның өнердегі әріптестері ғана қолдап, ерекше образға балап жатыр. 

Сондай-ақ Айжұлдыз бала күнінде таққан әшекей бұйымдарын да көрсетті.

 “Анам осы күнге дейін менің алғаш сахнаға киіп шыққан киімдеріме дейін сақтапты. Мектепте оқып жүргенде таққан әшекей бұйымдарым да бар. Өзім сақтауды білмеппін, анама рахмет! Бала кезім есіме түсіп, көзіме жас келді”, – дейді актриса. 

Талқылау