Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өсек жазатындарды журналист деп есептемеймін": Қайрат Нұртастың әйелі кімге өкпелі

Қайрат Нұртастың жары, актриса, Жұлдыз Әбдукәрімова кей журналистерге өкпелі. Карантин уақытында сұхбат берген ол сұхбаттың сәтсіз шыққанын айтады. 

Төсекке жатқан кезде: Қайрат Нұртасты келіншегі қалай еркелетеді

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова отандық БАҚ журналисіне сұхбат берген. Алайда сұхбат мәтіні көңіліне шықпапты. Себебі журналист ойымды бұрмалап жеткізді деп жазды. 

"Мен журналистер қауымын өте құрметтеймін. Сауатты журналистерді құрметтеймін. Бірақ сөзіңді бұрмалап жеткізетін, өсек айтудан әрі аса алмайтын, айтпаған сөзіңді айтты деп жазатын журналистерді журналист деп те санамаймын. Карантин уақытында бір сұхбат берген едім. Үйде жатқан халықтың көңілі көтерілсін деп сөзімді әзілмен бастадым. Қайраттың үйде ұзақ болғаны алғаш рет. Сондықтан "менің карантинім" ұзақ болса екен дедім. Мұның халықтың карантиніне қатысы жоқ. Ал, елдегі жағдай тез қалпына келіп, еліміз аман болса, індет жойылса деген тілегімді сөз соңында айта кеттім. Бірақ ойымды бұрмалап жеткізген екен. Мұндай жағдайда менің сөзімді емес, басқа мәселелерді жазсын. Жағдайы нашар халықтың күйін жазыңыздар. Менің сөзім олардан маңызды емес", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында. 

Әбдікәрімованың сұхбаты "Карантин маған ұнап жатыр, ұзағынан болса екен" деген атпен жарияланған. 

Бұған желі қолданушылары не деді?

"Журналистер бұрмалауға шебер ау деймін. Артист, әншілер "мына сөзімді былай бұрмалап алыпты, менің айтпаған сөзімді" деп шырылдап жатады. Интервью бермеу керек ерегескенде". 

"Бәсе Жұлдыздан ондай шығады деп ойламайтын едім". "Сауатты, саналы адамдар сізді түсінген шығар", "Сөздің астарын түсінбейтін адам қалай журналист болып жүр", - деп жазды желідегі жазылушылары. 

 

Талқылау