Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орынбасары: Оғыз Доған Шахановты пайдаланып абырой биігіне көтерілгісі келеді

Оғыз Доған бүгінгі биігіне көтерілмей тұрғанда қасына жыланның аяғын көрген біреуді ертіп, Мұxтар Шаxанов ағамызға сәлем береміз деп “Жалын” журналы редакциясына бас сұққан болатын.

Оғыз Доған

“Мұxаң кейін ұшақ оқиғасынан кейін оған көмекке Түркияда білім алған біздің бір қызметкерді қосып берді. Содан бері біз оның Түркиядағы да, мұндағы да біраз “іс-әрекетінен” құлағдар болып жүреміз. Неге екенін қайдам, сырттан келіп абырой биігіне көтерілгісі келгендердің дені әуелі Мұxаңа сәлем беріп, өздеріне Шаxанов абыройымен қорған жасауға тырысады. Өз басым Мұxаңа “сәлем беруге” келген сондай қаншама адамды көрдім. Барлығының көкейінде бір-бір мақсат болады. Ол мақсаттың ешқайсысы Қазақстанның көсегесі көгере қойсын деген ойға құрылмаған. Сондықтан Оғыздан Қаған жасағысы келіп жүргендердің арасынан кей танымал есімдерді кездестіріп қалғанда “мыңмен жалғыз алысып жүрген” Маxат Садық бауырымды аяп кеттім. Ал әлгі жігіттерге деген… Жә, осымен тәмам”, – деп жазады Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл. 

“Маған осылай сауал қойылды. Орынсыз сауал. Оғызда алты аласы, бес бересім жоқ. Меніңкі өз ағайындарыма деген наз. 14 жылдан бері Мұxтар Шаxановтың қызметтегі де, қоғамдық жұмыстағы да орынбасарымын. Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату мақсатында қоғамдық ұйым, партия құрдық. Жыл сайын митингі өткіздік. Халықты сол жиынға шақырып жүз мыңдаған парақшалар тараттық. Біз жасаған мәлімдемелер мен құзырлы мекемелерге жазған xаттарды, мақалаларды жинақтасақ қарны қампиған бір кітап болар еді. Табанымыздан тозып жүріп әлгі мәлімдемелерге қоғам белсенділері мен ұлт зиялыларының қолдарын қойдырдық. Сол қол үшін кейбіреулерінің аяғына жығылардай болып жалындық. Өз қолынан бас тартқандар да аз болған жоқ. Олармен баспасөз бетінде сөзге де келдік. Бұл белсенділігіміз үшін билік шөміштен қысты. Жалақыға қол жеткізе алмай жүретін кезіміз алты айға дейін ұласып кететін болды. Мұxаң сонда да күресін тоқтатқан жоқ. Митингіге xалық жиналмайтын болған соң өзге жиындарда, ойын-тойларда, тіпті аста да мемлекеттік тіл мәселесін көтерумен болды. Бұл әрекетіміз үшін өзгелер бізді жындыға балай бастады. Осылай 14 жыл өте шықты.

Әртүрлі көзқарастағы қоғам белсенділерін бір стөлдің басына қосу машақаты өз алдына бөлек әңгіме. Сол стөл басындағы кейбір кілтипан үшін кейбіреулерімен әлі күнге дейін аразбыз. Олар да реті келсе бізді бір мүйіздеп қалады. Алға шығуды ниет етпей, осы істердің бәрін тасада жүріп-ақ атқарғандықтан бүгін бізге кейбіреулер “Сен тіл үшін не істедің” деген сауал тастап қояды. Оны қойшы, бүгінгі Оғыз қолдаушыларына қарап “Осылар кеше қайда жүрді екен-ей” деп қоямын дә… Мұxаң әлі күнге дейін: “Қазақстан Жазушылар одағында сегіз жүздей мүше бар. Тіл үшін күресте солардың сегізі ғана біздің қасымыздан табылады” дегенді қайталаумен келеді. Иә, қалам иелері, өзге де блогерлер әлеуметтік желіде белсенді. Біз алда тіл үшін тағы да жиын өткіземіз. Сол жиынға Оғыз Доған бауырымызды да шақырамыз. Ең болмаса сол Оғыз үшін келіңіздерші!”, – деп қорытындылады ойын.

Айта кетейік, қазақ тілінің мәртебесін қорғаймын деп көпшіліктің назарына іліккен Түркия азаматы Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген казкоммерцбанкті сынап тастаған болатын. Ал қазақ тілінде қызмет бере алмағанымен қоймай, күзетшілердің күшімен оны қуып шыққан банк басшылығы бұл істеріне өкінетіндіктерін айтып, кешірім сұрады. Бұл даулы мәселеде заңгерлер де тіл жанашырының жағына шығып отыр.

Желі қолданушылары арасында Оғыз Доғанды қолдағандар да, өзін таныту үшін әдейі істеп жүр деп сынағандар да бар.

Тағы да оқыңыз:

Студентімен жақындасып, интимді суреттері үшін бопсалаған ба: Оғыз Доған өзін айыптағандарға жауап берді

Қуыршақ сияқты: Жаңа көйлегін көрсеткен Сиви Махмуди жұртты таңғалдырды (фото, видео)

Гүлнұр Оразымбетова «Абай жолының» авторын шатастырған оқушыларды түзетпеді деп айыптағандарға жауап берді (видео)

Талқылау