Орташа баға 2800 теңге: Сауда министрлігі сиыр еті бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайра Төребаев елде сиыр етінің бағасы көтерілгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Вице-министр 2025 жылдың басынан бері сиыр еті бағасының өсімі 8% асқан.
"Жыл сайын Өзбекстанға біз 20 мың тонна сиыр етін экспорттаймыз. Ал бағаға келсек, ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың басынан бері баға индексі 8,4% өсті. Бір аптадағы баға өсімі 0,6%. Қазір елдегі 20 аймақта да баға өсімі байқалады. Әр аймақта әртүрлі. Біз айтып отырған Түркістан облысында баға өсімі 3%. Ресми статистикаға сәйкес, орташа бағасы 2800 теңге", – деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның көп өңірінде сиыр етінің құны 3 мың теңгеден асып жығылғаны туралы хабарлаған едік. Жылқы мен қой етінің құны да шарықтап кеткен. Сатушылар қымбатшылықты тапшылықпен байланыстырып отыр.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі