"Орташа айлық 286 мың теңге": Алмат Сақатов үкіметке үндеу жолдады
"Қазақстандағы орташа айлық 286 мың теңге". Алмат Сақатов билік басындағыларға шүйлікті. Ол мұндай статистиканың ақылға қонымсыз екенін айтып, жоғарыдағыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жақында бір министрдің "Қазақстанда орташа айлық 286 мың теңге" дегенін естідім. Мұндай санды қайдан аласыздар?
Қашан бізге әділеттілікпен бөліп бересіздер? Тазалаушы, күзетші, қарапайым жұмыс істеп жүрген азаматтардың ақшасын қашан көтересіңдер?" - деп ашынды актер.
Желі қолданушылары Сақатовты қолдады.
"Тоқ бала аш баламен ойнамайды", "Министр 1 млн 600 мың алады. Орташа айлық содан шығады", "Мен де бұндай айлықты естіп, шок болдым. Көршім күзетші болып істейді, 40 мың алады", "Орташа айлық 65 мың теңге", - деді желі қолданушылары.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген