Өрт шығу қаупіне байланысты BMW 29 мыңнан астам автокөлігін кері қайтарып жатыр

Германиялық BMW автоконцерні өрт шығу қаупіне байланысты АҚШ-тан 29 мыңнан астам автокөлігін кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметінше, 29 119 автокөлікте қозғалтқыш стартерінің релесіне қатысты ақау анықталған. Бұл бөлшек тот басқан соң қызып кетіп, қысқа тұйықталуы мүмкін. Мұндай ақаудан кейін көліктің өртену қаупі артады.
Мына модельдер кері қайтарылды:
- BMW 530e xDrive;
- BMW 740Le xDrive;
- BMW iPerformance сериясының кейбір модельдері.
Науқан аясында ресми дилерлер аталған көліктердің қозғалтқыш стартерін иелеріне тегін ауыстырып береді.
Оқыңыз