Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт шыққан әуе шарында адамдарды қалдырып, секіріп кеткен ұшқыш қамауға алынды

Мексикада жанып жатқан шар себетінде ерлі зайыпты мен олардың 13 жасар қызын қалдырып, өзі 16 футтық биіктіктен секіріп, аман қалған ұшқыш қамауға алынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап. 

Деректерге сай әйел мен ер адам апаттан қаза тапқан, ал олардың қыздары тірі қалған.

Ұшқыш Виктор Гузман оқиғадан соң беті мен бір қолының екінші дәрежелі күйіктерін емдеу үшін ауруханаға барған кезінде ұсталған.

13 жасар қыз 131 фут биіктіктен құласа да, аман қалған. Ал 50 жастағы Хосе Ноласко мен оның әйелі 39 жастағы Виридиана Бесеррил оқиға орнында қаза тапты.

Олардың 13 жасар қызы Регина Ицзани құлаған шардан жерге ештеңеге соғылмай құлап аман қалған.  Бірақ қолы сынған және екінші дәрежелі күйікпен ауруханада жатыр.

Кісі өлтіру бойынша екі айып тағылған Гусман Мексика штатының Бас прокуратурасына төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білмегенін айтты. Ол сол үшін отбасының туған күніне жалға алған шарды тастауына мәжбүр болғанын жеткізді. 

Талқылау