Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өрт ошақтары сөндірілмеді": Қарағанды облысының әкімі "Қазақстан" шахтасының қазіргі жағдайын айтты

Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары сөндірілгенімен, кейбір аумақтарды қайта тұтанады. Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі  Ермағанбет Бөлекпаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі "Қазақстан" шахтасында үш ай өтсе де, өрт ошақтары өшпей, лава өртеніп жатқаны туралы ақпарат барын айтты. Облыс әкімінен не себепті өшірілмей жатқанын сұрады. 

Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, "Қазақстан" шахтасындағы технологиялар әлі жұмыс істеп жатыр.

“Өрт ошақтары өшірілді дегенмен, кейбір аумақтарда өрт әлі де шығады. Дегенмен қауіпсіз деп айта аламыз. Мамандардың айтуынша, әзірге басқа амал жоқ. Сол себептен қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалануда”, – деп жауап берді Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, 17 тамызда" АрселорМиттал Теміртау "АҚ" Қазақстан " шахтасында Қарағанды облысында өрт болып, конвейерлік таспа өртенді. 222 шахтер жер бетіне шығарылды. Бес кенші жер астында қалып, көз жұмды.
 

Талқылау