Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орнына басқа әншіні шақырамыз": Қайрат Нұртас тағы бір концерттен шеттетілді

Ұшақта төбелесіп, 15 күнге қамауға алынған Қайрат Нұртастың концерттері мен ән сапарлары кейінге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Айта кетейік, 7 шілде күні "Астана" концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылған еді. 

Pavlodar News порталының мәліметінше, Қайрат Нұртас Металлургтер күніне және Ақсу қаласы күніне арналған концертке қатыспайтын болды. Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады. Өнер иесі 20 шілдеге дейін темір торда жазасын өтемек. 

Қайрат Нұртасты басқа әртіспен алмастыратыны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар орнына басқа әртісті шақыратынын жасырмады. Олар жаңартылған тізімді кейінірек Instagram-дағы парақшада жариялауға уәде берді. Ақсуда жоспарланған шоу-бағдарламада "Роял бит" барабаншылары, Luina және Kaliforniya секілді әншілер өнер көрсететіні айтылған. 



Еске салайық, Қайрат Нұртастың анасы ұлына айыппұл салуды сұрады. Гүлзира Айдарбекова жанжалға ұлы да, жәбірленуші де кінәлі деп санайды. Ол ұлына қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды өтінді. Әншінің гастрольдік сапарлары бар деп алға тартқан еді. Алайда сот 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. 

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты "ішіп алған" дегендерге жауап бергенін жазған едік. 

Талқылау