Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқкиімін сүртіп, нәпақасын тапты": Гүлзира Айдарбекова соққыға жығылған Қайрат Нұртастың досына қатысты пікір білдірді

Ұшақта бейәдеп сөз айтып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас және оның досына қатысты мәселені жұрт қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Әншінің анасы ұлының досынан мұндай сорақылықты күтпегенін жасырмады. 

“Ойламаған жерден артынан келіп құлақ шекесінен бір ұрған. Сол кезде Қайрат атып тұрып бетіне ұрған кезде көзі көгерген. Ол жігіт бірден барып тексерілуден өтіп анықтама алып алған. Қайрат бір жағы ісіп кетсе де, қазақылыққа салынып өзіміз деп қоя салған. Түкте арамдық ойламаған ғой танысы болған соң. Артынан зыр жүгіріп аяқкиіміне дейін сүртіп кигізіп, Қайраттан напақасын тауып, ары-бері тасып жүретін еді. Үйге еркін кіріп, шай-тамағымызды өз үйінде жүргендей бірге ішіп-жеген күндері де болды. Біледі ғой ел шулап кететінін. Әдейі жасап отыр. Масқарасын шығарамын, кешірім сұрап, ақша ұсынады деп ойлады”, – деп жазды продюсер. 



Сонымен қатар өнер өкілі ұлының басына іс түскенде қолдаған көрерменге ризашылығын білдірді. 

“Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да, елдің көз алдында өсіп келе жатыр. Халыққа өз бауыры мен ұлдарындай болып кетеді екен. Жек көріп тұрса да, жүрегінің түбінде жақсы көріп тұратындарды байқадым. Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын. Әлеуметтік желіде “Қайрат Нұртас досынан кешірім сұрады” деген өсек тарап жатыр екен. Сенбеңіздер! Осындай алаяқтарға еріп, қаншама адам өсек өрбітеді. Қайратты қолдаған халыққа шын жүрегімнен алғыс айтамын”, – деді Гүлзира Үсенқызы. 

Айта кетейік, 15 күнге қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады.

Талқылау
Пікір
Жадыра
15 Шіл, 24 жыл - 16:02

Ер жігіт болғансоң болады да ондай ондай қалай нәпақасын тапсада несі бар айтып балам сияқты деп сөйлеп жатыр едіғой