AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орныма отыршы, ал": Алматы облысында әкімдікте шенеунік пен тұрғын жаға жыртысты (видео)

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Кербұлақ аудандық әкімдігінде болған оқиғаның видеосы тарап кетті. Жанжалдың арты төбелеске ұласып кете жаздаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан әйел адамның көмек сұрап жатқанын көруге болады. Ал оны ұялы телефонға түсіріп жатқан ер адам қолдай бастағанда шенеунік орнынан атып тұрып, ашуланады. 

"Келші, отыршы мына жерге, менің орныма мәселені қалай шешетініңді көрейін", - дейді ол.

Түсіріп тұрған адам бас тартқанмен, екіншісі шығып отыруға келіседі. Шенеунік оны тартып тұрып, креслоға отырғызуға тырысады. Оған ер адам ашуланып, оны итеріп жібереді.

"Мені неге жұлқылайсың", - деп екеуі бір-бірімен алыса кетеді. 

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 25 қазанда болған. Бір күн бұрын Қаспан ауылдық округінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін жеткізу басталды. Ертесінде ауыл тұрғыны Жанатаева аудандық әкімдікке барып, әкім орынбасары Нұрлан Әденовтан көмірді жеткізіп беруді талап етті. Қызметкерлер тегін отынның тізім бойынша жеткізілетінін түсіндіріп көрген.

"Бірақ Жанатаева ол жауапқа қанағатанбады. Көмірді тегін жеткізіп беруді талап етті. Одан кейін әкімдік ғимаратына Кербұлақ ауданының қоғам белсенділері Е.Сансызбаев пен Б.Бейісбеков келді. Карантиндік шектеу шараларына байланысты ғимаратқа көп адамға кіруге болмайды. Ал қабылдауға алдын ала жазылу қажет. Сосын Ashyq бағдарламасынан өту керек. Қоғам белсенділері болса, күзетке қарамай, ішке кіріп кетті. Кездесу кезінде Е.Сансызбаев пен аудан әкімінің орынбасары Н.Әденовтың арасында жанжал туындады", - дейді әкімдік қызметкерлері.

25 қазанда кешкі сағат 17:00-де Жанатаеваға көмір жеткізілді. Қазіргі кезде Кербұлақ ауданы бойынша этика жөніндегі уәкіл қызметтік тексерісті бастады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр