Қазақстанда орманшылар ең төменгі жалақы алатындар қатарында – Экология министрі
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орманшылардың қанша жалақы алатынын туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай ауданында 14 жұмысшының қазасына әкелген орман өртінен кейін үкімет орманшылардың жалақсысын көтеру туралы шешім қабылдаған болатын. Министр 100 пайызға көтерілген жалақының қазіргі көлемі қандай екенін айтты.
“Бүгінде орман саласындағы орта буын мамандары шамамен 180 мыңнан 220 мыңға дейін жалақы алады. Орманшылар жалақысы 140 мыңнан 180 мың теңгеге дейінгі аралықта. Ал басшылық қызметтердің жалақы мөлшері 280 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі аралықта көтерілді”, - деді министр.
Нысынбаев орман және балық шаруашылығы ең төмен жалақы алатындардың қатарында екенін мойындады.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметі бойынша, тамыз айында Қазақстанда орташа арифметикалық жалақы 365 502 теңгені құрады.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді