Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім": Депутат Мұқаев өзін сынағандарға жауап берді

38 жастағы әйелдің тұсауын кесіп, қызу талқыға түскен депутат Дәулет Мұқаев мән-жайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Мәжіліс депутатының сөзінше, тұсау кесіп жүргеніге 10 жылдай уақыт болған көрінеді. 

“Неше түрлі пікірлерді әрине, жазып жатады. Осы уақытқа дейін 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті деді. Ол кісі “мен сүріншекпін, тұсауым ала жіппен кесілмеген, жай ғана ырымын жасап беріңізші” деді. Әлеуметтік желіде де көп жазып жатады. Мен оларға кішкентай баланың ғана тұсауын кесетінімді айтамын. Ал жолын жайып қойып, жібін ұстап тұрғаннан кейін мен одан бас тарта алмадым, – деп ақталды депутат. 



Депутат тұсау кесетінін жария ету әбестік, оғаш қылық санамайтынын жасырмады.

“Екіншіден, осыны көріп өзге ұлттың азаматтары да біздің қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқанын көремін. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Жұмыс жұмысымен, ал мұның бәрі жұмыстан тыс демалыс уақытында жасалып жатқан әрекет, – дейді Дәулет Мұқаев.

Еске салайық, отандық шоу-бизнес жұлдыздарының тұсау кескендегі сұрайтын гонорарларын жазған едік. 

Талқылау