"Ордабасы" командасы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жете алмады
“Ордабасы” футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізіп, жеңіске жете алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ордабасы ФК
Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген бастаған шымкенттік команда Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі матчын өткізіп, жеңіске жете алмады. “Ордабасы” мен "Петрокуб" Шымкент қаласында өткен матчта бірде-бір гол соқпай, ойын тең нәтижемен аяқталды. Енді қарымта матч 17 шілде күні Молдовада өтеді.
Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеуінде ойнайды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

