Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық әйел төрт баласын тастап, басқаға тұрмысқа шығып кеткен

Бұл азамат анасымен және 4 баласымен бірге 20 шаршы метрлік үйді паналап отыр. Аядай ғана үй Оралдағы орталық базар маңында орналасқан. Жеке үйлері болмағандықтан, көпбалалы отбасы айына 30 мың теңгеге пәтер жалдауға мәжбүр.

Бұл туралы “Мой город” порталына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Үй иесі Еслям Айтмамбетов бала-шағасын асырау үшін түнде күзетші болып жұмыс істейді. Бар тапқаным пәтерақыдан артылмайды, дейді ашынған әке.

Кішкентай үйді иелері екіге бөліп алған: ас үй және жатын бөлме. Аядай ғана бөлме еденінде осы үйдің төрт баласы отыр: 14 жастағы Ілияс, 13 жастағы Эльнара, 7 жасар Мирас пен 4 жасар Эмилия.

Еслям бір кездері толыққанды жанұясының болғанын еске алады. Айтуынша, осыдан екі жылдай уақыт бұрын әйелі отбасын тастап, басқаға тұрмысқа шығып кеткен.

«Әйелім наубайханаға жұмысқа кіріп, бірнеше күннен кейін іс-түссіз жоғалып кетті. Кейін келіп, тұрмысқа шыққанын айтты. Одан кейін балалары аналарын көрген емес. Сот кезінде балаларын емес, әлгі еркекті таңдайтынын мәлімдеді. Қазір тұрмыста, тіпті бала туып алған деседі», – дейді Ислям.

Әйелі үйден кеткен соң, Ислямның анасы қара шаңыраққа көшіп келген. Бүгінде немерелерін бағып отырған әйел экс-келінім балаларын көруге бірде бір рет келген емес деп ашынады. Балалардың тамағы, киімі, басқа да қажеттіліктері – әкесі мен әжесінің мойнында. Егде жастағы зейнеткердің мойнына артылған күтімнің өзі бөлек әңгіме.

Зейнеткер бұрынғы келінінің балаларды қалай қиып тастап кеткенін түсіне алмайды.

«Кезінде өзімнің күйеуім қайтыс болып, бес баламен жалғыз қалдым. Оларды өсіріп бақтым. Ал бірақ өз балаларыңды қалай тастап кетуге болады? Тым құрығанда балаларына келіп тұратын шығар деп ойлап едім, бірақ жоқ. Мүмкін 8 наурызда не Наурыз, Жаңа жыл мерекелерінде келетін шығар дедік, бірақ тағы да жоқ. Ол үйден кеткенде Эмилия небәрі 1,5 жаста еді», – дейді Самига әже.

Зейнеткердің айтуынша, үйдің іші суық болғандықтан, балалар жиі ауырып қалады.

«Бәріміз осы бөлмеде ұйықтаймын. Мен төсекте, ал ұлым балаларымен бірге еденде. Үй суық, жан-жақтан жел ұрады. Түнде отты көтеру үшін бірнеше рет тұрамын, бірақ балалар сонда да ауырып қалады», – дейді әйел.

Үйдің үлкен балалары қаладағы №3 мектепке барады. Бұрын отбасы аталған мектепке жақын ауданда тұрған көрінеді. Ал әжесі демеуші тауып, балаларды мектепке киіндіруге көмектескен сынып жетекшілеріне дән риза.

Атап өтетін жайт, аядай ғана үйде ешқандай жағдай жоқ. Отбасы суды көршіден немесе құдықтан әкеліп ішеді. Дәретхана да далада орналасқан. Ал әжесі балаларды ас үйде жуындыруға мәжбүр.

Балалардың әкесі күндіз жиһаз фабрикасында жұмыс істейді, алайда 70 мың теңгелік табысым ештеңеге жетпейді, дейді ол.

«Өз баспанамыз жоқ, 2014 жылдан бері кезекте тұрмыз. Бәрі қымбат, балалар да жиі ауырады. Анама рақмет, зейнетақысымен көмектеседі. Балалардың киімі, тамағы, дәрісі бар. Жақында кіші қызыммен ауруханада жатып шықтық. Қызымның үстіне ыстық суға толы құман аударылып кеткен. Үйіміз өте тар», – дейді азамат.

Еслямға бәрінен ауыр тиетіні – өз баспанысының жоқтығы. Көпбалалы әке аталған мәселе бойынша әкімдік бірнеше рет барғанын айтады, алайда ондағылар кезектің келмегенін айтып, шығарып салатын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: Әйелім туыстарымнан қарыз сұратпайды

Жаңа дерек: Қарағандыда бір тіс дәрігерінің кесірінен 2 бала қайтыс болған

Өскеменде 2 жасар баланы аяусыз сабаған балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды

Жағдайымды айтсам жылап жіберемін: Күйеуі мен үш баласын асырап отырған ақтөбелік келіншек жанайқайын айтты

Талқылау