Соңғы жаңалықтар

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Кішкентай бүлдіршін ауыр жарақаттар алып жарты айдан бері ауруханада жатыр. Ол ашық бас сүйек-ми зақымын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап. 

Сурет: mgorod сайтынан

Баланың ата-анасы жол-көлік оқиғасының куәсіне айналған адамдарды іздестіруде екен. Айтуларынша, жол апаты қаладағы "Мерей" базарының көлік тұрағында орын алыпты. Жалғыз балаларының жағдай өте ауыр, ауруханада үзбей ем қабылдау үстінде.

Баланың әкесінің айтуынша, кешкісін олар базарға келіпті.

"Жұбайым қызымды ертіп көлік тұрағында келе жатқан. Кенет тұраққа асқан жылдамдықпен Toyota Avensis маркалы автокөлік кіріп келді. Ол менің қызымды қағып қана қоймай, оны басып кетті. Содан ол біраз тоқтап тұрып, қайта артқа беріп, қызымды екінші рет автокөлігімен басты. Біз бұл күнді ешқашан ұмытпайтын шығармыз. Бір кезде көлік жүргізушісі далаға шығып, орын алған байбаламға жай ғана қарап тұрды. Тек екі күн өткен соң ғана кешірім сұрап келіп тұр", - деді қыздың әкесі.

Бұған қоса қыздың әкесі бүлдіршіннің екі аптадан бері ауруханада жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша, олардың қолында көлік тұрағында түсірілген бейнежазба бар. Алайда ол жерде болған жағдай дұрыс көрінбейді екен. Сонымен қатар ер азамат оқиға куәгерлерін іздестіруде екендігін алға тартты. 

БҚО-ның ПД-де оқиға 8 қараша күні кешкі сағат 6-да болғандығын айтты. 

"37 жастағы Toyota Avensis маркалы көлікті мінген ер азамат 2016 жылғы баланы автотұрақта қағып кеткен. Оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Жол апатынан жарақат алған бүлдіршін жан сақтау бөліміне жеткізілген", - деп мәлімдеді полиция бөлімінің қызметкерлері. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...