Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жол апатынан зардап шеккен әйелді жедел жәрдем қызметкерлері зембілден құлатып алды

Оралдың орталығында екі жол талғамайтын көлік соқтығысты. Жәбірленуші көліктен шығарылған соң, оны жедел жәрдем көлігіне апара жатқанда зембілден түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Оқиғаның видеосын журналист Талғат Омаров желідегі парақшасында жариялады.

Мәліметерге сенсек, 1 қарашада қаладағы Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында Renault Duster мен Қытайда шығарылған Lixiang көлігі соқтығысқан кезде Renault көлігінің жолаушылар орнында отырған әйел есікке қысылып қалған.

Қысқа уақытта құтқарушылар оны мыжылған көліктен алып шықты. Алайда зембілмен жедел жәрдемге бара жатқанда құлап қалды. Әйелдің жасы 63-те.



Еске салайық, бұған дейін Анталия әуежайының қызметкері мүмкіндігі шектеулі қазақстандық баланы баспалдақтан құлатып алғанын жазған едік. Оқиға туралы журналист Денис Денски өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Журналиске жәбірленушінің анасы хабарласқан. Әйелдің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі ұлын Анталиядан Астанаға ұшатын ұшаққа мінер алдында құлатып алған. Құлау салдарынан жасөспірімнің денесінде көптеген жарақат пен сызаттар пайда болған.

Талқылау