Оралда үшінші курс студенті дене шынықтыру сабағында көз жұмды
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлының дене шынықтыру сабағында қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйек күні орын алған. Студент дене шынықтыру сабағында кенеттен құлаған.
"Мұғалім мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті. Келген жедел жәрдем бригадасы да студентті аман алып қалуға тырысты", – деп хабарлады министрлік.
Қолдан келер шараларды жасағанымен жас жігіт қайтыс болған. Бөлім студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын, себепсіз құлап қалғанын түсіндірді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған