Қарағандыда 24 жастағы әскери сарбаз қайтыс болды
28 тамызда 52 859 әскери бөлімінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 24 жастағы сарбазы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге панкреонекроз ауруы себеп болған, деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскери бөлім командирі Жанат Омаров марқұмның денсаулығына байланысты ешқандай шағым айтпағанын және жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрғанын айтты.
- Қазақстанда сарбаздарға арналған "Отбасымен бейнеқоңырау" қызметі енгізілді
- Оралда ант бергеніне 10 күн болған сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты
“Сол күні сарбаздың көңіл-күйі көтеріңкі болды, күшейту күндеріне дейінгі практикалық жаттығуларға қатысты. Ол өз ісінің кәсіби маманы болды сондай-ақ қызметінде жоғарылату туралы жоспар болған еді”, - деді Омаров.
Панкреонекроз – бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған